"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Новокубанка ауылының
"Гүлдер" бөбекжайы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие
"Ясли - сад "Гүлдер"
села Новокубанка при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
2024ж. 08 сәуір № 26
«Кеңес беру пунктінің жұмысы туралы»
«Білім туралы» ҚР Заңына және Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН::
1. Баласы мектепке дейінгі оқумен қамтылмаған ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін 2024ж.08 сәуірден бастап «Гүлдер» МКҚК базасында кеңес беру пункті ашылсын.
2. Педагогтердің осы құрамы бекітілсін:
әдіскер, тәрбиеші, музыка жетекшісі, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, педагог-психолог, мейірбике
3. Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ерте жастағы балалардың ата-аналарына арналған кеңес беру пунктін ашу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
4. Кеңес беру пунктінің МКҚК мен ата-аналар қоғамының өзара іс-қимыл бойынша жұмыс кестесі бекітілсін.
5. Кеңес беру пунктінің МКҚК мен ата-аналар қоғамының өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жоспары бекітілсін.
6. Кеңес беру пунктінің жұмысы туралы ақпаратты балабақша сайтына жариялап, ата-аналар бұрышына орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
Меңгеруші __________________ / Г.Аленова
Бұйрықпен танысты :
Әдіскер __________________ / Ж.Хабылбай
Тәрбиеші __________________ / Г.Цырульникова
Музыка жетекшісі ________ / Н.Ерланхан
Дене шынықтыру нұсқаушы __________ /А. Герман
Психолог __________________ / А.Шаривхан
Мейрбике __________________ / Б.Акерхан